Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ЖҚАЖ қызметкерлері атыс шығарғандарды ұстады

Қарағандыда ЖҚАЖ қызметкерлері ойын-сауық мекемесінің жанында атыс шығарғандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қарағандыда демалыс және мереке күндері қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында күштер мен құралдарды қосымша тарта отырып күшейтілген тәртіпте қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады. Патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге ЖҚАЖ сарбаздары кезекшілік етеді. Сонымен бірге ойын-сауық мекемелері адамдардың жаппай жиналатын объектілері ретінде жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін полицияның ерекше бақылауында болады, – деді облыстың ПД басшысының м.а. Әбіл Әбілдин.

Сонымен, өткен жексенбіде қоғамдық тәртіпті күзету кезінде Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс аумағында ЖҚАЖ жауынгерлерімен күшейтілген мобильді топ мейрамханалардың бірінде мылтық атылғаны туралы хабарлама алды.

Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері 26 және 24 жастағы екі ер адамды ұстады, олар белгілі болғандай, бұзақылық ниетпен белгілі бір қарудан аспанға бірнеше рет оқ атқан. Тәртіп сақшыларының жедел араласуы осы құқық бұзушылықтың ауыр зардаптарының алдын алып, қылмыстың орын алуына жол бермеді.

– Полиция қызметкерлері ұсталғандардан тіркелмеген екі травматикалық тапаншаны қолданғанын анықтады, олар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) және 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Ә. Әбілдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру