«Көлік ұтып алдыңыз!»: Қызылорда тұрғыны алаяққа алданып қалды
«Көлік ұтып алдыңыз!»: Қызылорда тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда тұрғыны «Көлік ұтып алдыңыз» деген қоңырауға алданған. 32 жастағы азаматшаға белгісіз тұлғалар қоңырау соғып, автокөлік ұтып алғандығын айтқан. Солайша азаматшаның телефонына жүктеме жолдаған. Жүктеме арқылы өткен сәтте азаматшаның есеп шотынан 315 мың теңге көлемінде ақшасы алынған.
Алаяққа алданғанын түсінген азаматша полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қызылордалық азаматшаны алдаған алаяқ ұсталды. 22 жастағы Астана қаласының тұрғынына қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190- бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.