Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киім сатып алғысы келген Ақтөбе тұрғыны ақшасынан айырылды

Әлеуметтік желі арқылы киім сатып алғысы келген Ақтөбе тұрғыны алаяққа алданып, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбенің 36 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде сырт киімге тапсырыс беріп, 25 мың теңге аударған. Ақша төленгеннен кейін сатушылар байланысқа шығуды тоқтатқан.

Ер адам алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру