Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Көлік жүргізу куәлігін алып беремін»: зейнеткер Шымкент тұрғынын 60 мың теңгеге алдап кетті

Шымкентте зейнеткер көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп қала тұрғынын 60 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп 60 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ анықтау бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 65 жастағы шымкенттік тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

– Қаратау АПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы Нұрсұлтан Жалелұлына ризашылығымды білдіремін. Себебі ұлыма көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп 60 мың теңге қаражатымды алаяқтық жолмен иемденіп кеткен азаматты дереу анықтап, аталған қаражатты заң жүзінде түгел қайтарып берді. Осы істі сауатты түрде жүргізген тәртіп сақшысының жұмысына сәттілік тілеймін, әрдайым халық үшін абыройлы қызмет атқара берсін, – деп алғыс білдірді қала тұрғыны Балдықыз Абайқызы

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру