Қарағанды облысында дүкеннен ақша ұрлаған ауыл тұрғыны анықталды
Қарағанды облысында дүкеннен ақша ұрлаған ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 ақпан күні Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция 33 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленуші арызында жеке кәсіппен айналысатынын және дүкен ұстайтынын жазып, белгісіз біреудің дүкендегі ақша тұратын жерден 30 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы жәбірленушінің ауылдасы ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.