Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақмолалық тағы да рөлге отырды
Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақмолалық тағы да рөлге отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұланды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рөлге еотырған кезекті мас жүргізушіні тоқтатты.
27 желтоқсанға қараған түні Макинск қаласында тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарының бірінің жанында 36 жастағы жергілікті тұрғыны басқарған Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты. Полицейлердің назарына көлік жүргізу тәсілі алаңдатты: көлік бір жағынан екінші жаққа сермеп келе жатты. Тәртіп сақшыларының күдігі расталды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Деректер базасын тексеру кезінде бұл азамат 2021 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Ақмолалықтың айтуынша, оның көлікке мас күйінде отыру себебі – жаңа жылдық кештен кейін анасын алып кететін такси болмаған. Көлік айып тұрағына қойылды.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде тұрған адамды көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.