Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барып қайтты

Ертіс полицейлері қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полицейлері мен ардагерлері ішкі істер органдары қызметкерлерінің Сайлау Шаханов пен Асхат Кудериннің отбасыларына барып тұрады.

Сайлау Шаханов учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді. 2015 жылы құрметті демалысқа шыққан, алайда 2016 жылы жазатайым оқиға болып, соның салдарынан кенеттен қайтыс болды. Отбасында үш бала қалды.

Асхат Кудерин ұзақ уақыт уақытша ұстау изоляторында қызмет атқарды. 2021 жылы аурудың асқынуына байланысты кенеттен қайтыс болды. Отбасында үш бала қалды.

– Әріптестеріміздің өмірінен кету тек туыстарына ғана емес, олармен ұзақ уақыт бір ұжымда жұмыс істеген әріптестеріне де ауыр тиді. Жаңа жыл қарсаңында біз дәстүр бойынша әріптестеріміздің отбасыларына бардық. Полицейлер балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлады. Балалар қонақтарға қуанышты болды, біз әр балаға назар аудардық, олармен конструкторлар жинап, ойын ойнадық. Отбасына көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Баршасына қызметте табыс тіледі. Отбасыларды қолдау – біздің әріптестерімізге құрмет, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Әміре Сәдуақасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру