Павлодар облысының тұрғындары қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін полициямен тікелей талқылады
"Аулада қабылдау" профилактикалық акциясы аясында Ақсу қаласы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, азаматтарды көшпелі қабылдауды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғындармен кезекті кездесу Строителей көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, азаматтардың сенімін арттыру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жедел шешу.
Қабылдау барысында тұрғындар қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшылығына және учаскелік полиция инспекторларына тікелей жүгіне алды. Олар назар аударуды қажет ететін мәселелер туралы айтып, өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, қажетті түсініктемелер алды. Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернет-алаяқтықтың және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Полицейлер мұндай көшпелі қабылдаулар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға, тұрғындардың мәселелерін жақсырақ түсінуге және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақсу қаласының полициясы халықпен ашық диалогты нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Тұрғын үйлердің аулаларында тікелей кездесулер өткізу әрбір тұрғынға кеңес алуға және өзін қызықтырған мәселелер бойынша полиция қызметкерлеріне жүгінуге мүмкіндік береді.
