Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да алимент өндіру және сот актілерінің орындалуы мәселесі талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде судьялардың, прокурорлардың, әділет органдары өкілдерінің және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесте сот актілерінің орындалуы, алимент өндіру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 және 430-баптары бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру тәжірибесі талқыланды. Негізгі назар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға аударылды.

Кездесуді ашқан СҚО ПД бастығының орынбасары Қайрат Қасымбеков алименттің уақытылы төленуі – балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі екенін атап өтіп, бұл бағыт ішкі істер органдары қызметінің басым міндеттерінің бірі болып қала беретінін айтты.

Осы жылдың алты айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 7 қылмыстық іс, ал 430-бабы бойынша 4 қылмыстық іс сотқа жолданды. 20 шілдедегі жағдай бойынша облыс полициясының өндірісінде аталған санаттағы тиісінше 5 және 6 қылмыстық іс бар.

СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Сергей Табарин сот орындаушылары дайындайтын материалдардың сапасына, борышкерлерді жеке хабардар етудің міндеттілігіне және оларға қылмыстық жауапқа дейінгі құқықтық салдарды түсіндірудің маңыздылығына тоқталды.

Кеңеске қатысушылар өзге өңірлердің оң тәжірибесін зерделеп, оны облыста қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында сот шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру