Көлік жүргізу құқығынан айырылған семейлік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталды
Көлік жүргізу құқығынан айырылған семейлік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Семей қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Audi автокөлігін басқарған 32 жастағы ер адамды тоқтатты.
Тексеріс барысында көлік жүргізушінің 2020 жылдың қарашасынан бастап үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, жүргізуші орташа масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды.
– Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Оның санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.