Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысында мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Бақытжан Тұрсынбаев “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында жолда жүру ережелерінің сақталуын тұрақты түрде қадағалауда.

Ордабасылық сақшылар аталған шара барысында жолда жүру ережесінің талаптарын өрескел бұзып келе жатқан Hyundai Santa Fе автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында полицей жүргізушінің мас халде екенін байқады. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырып, аудандық сотқа жолдады. Сот автокөлік иесін аталған бап бойынша кінәлі деп танып, жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға және 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға үкім етті.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру