Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көліктері айыптұрағына қойылды

Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көліктері айыптұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралдарын жүргізуші куәлігінсіз басқарудың алдын алу іс-шараларына қарамастан, басқару құқығынан айырылған адамдардың автокөліктерді басқару фактісі орын алуда.

25 қыркүйек күні сағат 22.44-те Арынов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Крайслер» автокөлігін тоқтатты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

27 қыркүйекте сағат түнгі 01:00 шамасында Чернышевский көшесінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «BMW-520» автокөлігі тоқтатылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру