Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жасөспірімдер арасында 3 мыңға жуық құқықбұзушылықты анықтады

Павлодар облысының полицейлері жасөспірімдер арасында үш мыңға жуық құқықбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмаған балалартполицейлердің ерекше назарында. Жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында үш мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған құқықбұзушылықтар басым болып шықты, олардың саны – 2 148. Заңды өкілдерге қатысты барлық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды, біреуге айыппұл салынды, ал біреуге бірінші рет болған соң, ескерту жасалды.

Тұрақты рейдтер нәтижесінде 21 жасқа толмаған 298 кәсіпкерлік субъектісін анықтап, алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік берді.Барлық жағдайларда кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, жеке қоғамдық орындарда темекі тартқан 76 жасөспірім ұсталды.

– Бұл бұзушылықтардың барлығы күнделікті рейдтер барысында анықталды. Біздің міндетіміз – осындай фактілерді уақтылы тыю және анықтау, біздің болашағымыз үшін жауапкершілікті күшейтуге шақыру. Сондай-ақ, облыс тұрғындарына кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін бұзу жағдайлары туралы полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз, – деп түйіндеді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру