Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жуушы бөтеннің көлігінен телефонды қолды қылды

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған көлік жуушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол көлік жуу орталығына автокөлігін жудыруға беріп, қайта келгенінде көліктің салонындағы «Орро» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқаған. Телефоны ұрлағанын білгеннен кейін, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұялы телефонды жәбірленушінің көлігін жуған жігіттің ұрлағаны анықталды.  Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай оңай жолмен ақша тапқысы келген жігіт ұялы телефонды білдіртпей ұрлап, алдағы уақытта сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында күдікті анықталып, үйінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңызбен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге тастамаңыздар. Егерде сізде, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру