Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоциклден марихуана табылды

Түркістан облысы полицейлері мотоциклден  марихуана түптерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі ЖПҚ-нің полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты атқаруда. Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде Сырдария өзенінің тоғайлық алқабында түнгі топта қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандары Мейірбек Өмірбекұлы және Нұрлан Өсерұлы күдік туғызған “Урал” маркалы мотоциклін байқайды. Аталған мотоциклді тоқтатып тексеру барысында полицейлер мотоциклдің артынан полиэтилен пакетіне салынған жасыл түсті марихуана есірткі затына ұқсас үш түп өсімдік тауып, тәркілеп алады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабымен Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тоғайда өсіп тұрған марихуана өсімдігін алып келуүшін, мотоциклі бар танысын жалдап, ойға алған ісін іске асырып келе жатқан кезінде тәртіп сақшылары ұстаған. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Қазіргі таңда, қылмыстық іс бойынша жинақталған материалдар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру