Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да гарнизондық саптық жиын өтті

Көліктегі полиция департаментінің алаңында гарнизондық саптық жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлердің сыртқы келбеті мен саптық даярлығын тексеруге департаменттің барлық жеке құрамы және әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қатысты. Полицейлер саптық жарғы талаптарына сай түзеліп, командалар белгіленген тәртіппен берілді.

Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев тәртіп сақшыларының сыртқы келбетін, киім үлгісінің жай-күйін және саптық даярлығын тексерді.

— Мереке күндері жолаушылар ағыны екі есе артады. Вокзалдар мен жолаушылар пойыздарында азаматтар кез келген жағдайда полицияның жедел түрде көмекке келетініне сенімді болуы тиіс, — деп атап өтті департамент бастығы.

Оның айтуынша, департаментте күштер мен құралдар жеткілікті. Сондай-ақ әуежайлар мен теміржол станцияларында тәулік бойы күшейтілген қызметте болатын патрульдік полиция нарядтарының саны арттырылды. Бұдан бөлек, халықаралық және республикалық жолаушылар пойыздары келу және кету кезеңінде, сондай-ақ жол жүру кезінде тәртіп сақшылары ілесіп жүреді. Елдің барлық әуежайы мен теміржол вокзалдарында патрульдеу үшін қызметтік-іздестіру иттері бар кинологиялық орталықтың қызметкерлері жұмылдырылған.

Бас көлік полицейі жеке құрам алдына еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар қойды.

Өткізілген саптық тексеріс жеке құрамның қызмет атқаруға толық дайын екенін көрсетті.

Еске сала кетейік, әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 26-28 желтоқсан аралығында көліктегі ПД мен оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған байланысты департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару түріне ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру