Көліктегі ПД желілік полиция басқармасында Отан қорғаушылар күні атап өтілді
Көліктегі ПД желілік полиция басқармасында Отан қорғаушылар күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі ПД Алматы -1 станциясы желілік полиция басқармасында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні атап өтілді. Салтанатты мерекені басқарма басшысы Ш.Қансейітов құттықтау сөзбен ашты.
– Қазақстан тәуелсіздігімен бірге келген мерекелердің бірі — Отан қорғаушылар күні. Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштер үшін Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесінің маңызы зор. Отан қорғаушылар күні «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңында көрсетілген ресми мерекелердің бірі. Желілік полиция қызметкерлері де айтулы мерекені зор салтанатпен атап өтеді, -деді басқарма басшысы өз құттықтауында.
Сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрайымы Б. Нұрова да сөз сөйлеп, аталған мерекенің Қазақстан үшін зор маңызға ие екеніне тоқталды.
Мереке күні қызметте жақсы көрсеткішке қол жеткізген қызметкерлер Көліктегі полиция департаменті мен Алматы – 1 станция ЖПБ басшылығы атынан грамоталармен марапатталды.