Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен ақша ұрлаған күдікті әшкереленді

Қызылорда облысының Шиелі ауданында ашық тұрған көліктен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 қаңтарда Шиелі ауданының полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі арызданды. Ол арызында «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігімен Шиелі кентіндегі Абылайхан көшесінің бойындағы дүкендердің бірінің алдына тоқтап, дүкен ішіне кіріп кеткен кезде белгісіз біреудің ашық тұрған автокөлігінің ішіндегі тиын салатын орыннан 12 мың теңге ақшасын жасырын ұрлап кеткендігі туралы баяндаған.

Шиелі ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған қылмысты жасаған азаматты анықтады.

Ол 2006 жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, қылмыс жасалған күні жәбірленушінің қасында отырған жолаушысы екені анықталып, ол өз кінәсін мойындады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру