Көліктен денесін шығарған: Атырауда төрт бірдей көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жазаланды
Атырауда жол ережесін бұзған төрт көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 30 наурыз күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Құрманғазы көшесі Сатпаев – Ерниязов көше қиылысында Toyota Camry 40, LADA Vesta, Toyota Camry 50 және LADA Granta көліктері жол жүрісі қағидасының жүргізуші және жолаушыларына қатысты тармақтарын бұзып, яғни көлік қозғалысы кезінде терезесінен және люктен денесін шығарып, жолдың жүріс бөлігінде маневрлеу, жүргізуші және жолаушы бола тұра қауіпсіздік белдігін тақпай, мемлекеттік белгісі жоқ, кәмелет жасқа толмаған жүргізу құқығы жоқ күйде басқарғандығы, автокөліктерге апаттық жағдай тудыра отырып, өрескел құқық бұзушылықтар жасағанын анықтады.
Toyota Camry 40 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-ң 593-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және аталған көліктің жолаушысына ҚР ӘҚБтК-ңің 615-бабының 1-бөлімімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімішілік жауапкершілікке тартылды.
LADA Vesta көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-ң 593-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және жолаушысы 615-баптың 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Toyota Camry 50 көлігінің жүргізушісі 17 жастағы жасөсіпірім екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-ң 612-бабының 5-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама жасақталып, автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды.
LADA Granta көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 3-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу), 590-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), аталған баптың 10-бөлігімен, 593-бабының 3-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 606-бабтың 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік жауапапкершіліктерге тартылып, автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Және де көліктің екі жолаушысына ҚР ӘҚБтК-ң 615-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама жасақталды.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын пайдалану және орындау тәртiбiн бұзған екі жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 153 150 теңгеден айыппұл салынды.