Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы дағдарыс орталықтарына барып қайтты

Ақтөбе облысы ПД бастығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылу керек міндеттерді айқындады. Осыған байланысты Ақтөбе облысы ПД басшысы Абай Жусупов тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған “Малика” орталығына, Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына және “Ана үйі” қоғамдық бірлестігіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Абай Жусупов аталған орталықтардың жұмысымен және көмек көрсету жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, орталық басшыларымен проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру