Көліктердің терезелерін сындырып, ішінен заттарды ұрлаған екі шымкенттік жігіт ұсталды
Көліктердің терезелерін сындырып, ішінен заттарды ұрлаған екі шымкенттік жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау АПБ-на «Шымсити» шағынауданының бірнеше тұрғындары арызданған. Олар арыздарында белгісіз адамдар автотұрақта тұрған автокөліктерінің терезелерін сындырып, ішіндегі құнды заттарды ұрлап отырғанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің екі тұрғынын анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары бейнабақылау камералары арқылы ұрлық жайтын ашты.
Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да жайттарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.