Көлікті басқару құқығынан бұрын айырылған маңғыстаулық мас жүргізуші ұсталды
Көлікті басқару құқығынан бұрын айырылған маңғыстаулық мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 27 шілде күні патрульдеу барысында жол полициясы қызметкерлері Мұнайлы ауданының 47 жастағы тұрғынының басқаруында болған Opel Vectra маркалы автокөлігін тоқтатты.
- Көлікті мас күйінде басқаратын адам жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті. Әрбір жүргізуші жолдағы жағдайды жіті бағалап, өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірмеуі тиіс, - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.