Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 54 жол апаты тіркелді

Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 54 жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың жеті айында Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен жолдарда 54 апат тіркелді, онда 64 бала зардап шекті, ал екеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғаларының өсуі жазғы демалыстарға байланысты болып отыр. Бұл ретте кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен жол апаттарының себептерінің бірі ересектердің жүріс бөлігіндегі балалардың мінез-құлқына немқұрайлы қарауы болып табылады. Сондай-ақ көптеген жүргізушілер “арнайы балалар орындығы немесе басқа құралдар болмаған кезде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салуды” көздейтін жол ережелерін сақтамайды.

Тағы бір жағдай, жаздың басталуымен жас велосипедшілер (скутер, роликтердің иелері) мынадай қызығушылықпен жазатайым оқиғаға душар болуы қаупі бар екендігін білулері қажет.

Полиция қызметкерлері жүйелі түрде ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді, жаднамалар таратады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басынан бастап, мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша арнайы сабақтар өткізіледі. Егер әрбір адам жол қозғалысы ережелерін сақтаса, қалада үйлесімділік орнап, көлікпен байланысты оқиғалар саны азаяды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру