Көлікті есірткілік масаң күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды
Ақтөбеде көлікті есірткілік масаң күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қараша күні сағат 00.40-та Тургенев көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2114» автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, көлікті «каннабиоид» түріндегі есірткілік масаң күйде басқарған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлім (Мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері бұрын КҚ басқару құқығынан айырылған, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған 150-ден астам жүргізуші анықталды, олардың 14-і жол-көлік оқиғасын жасаған.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.