Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыз жазуға келген тұрғынның жағдайы нашарлап, оған полицейлер көмек көрсетті

Шымкентте темір жол қонақ үйінде тұрғын қымбат бұйымдарын жоғалтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Түркістан облысының тұрғыны өзінің қымбат бұйымын және ұялы телефонын темір жол қонақ үйінде жоғалтып алғаны бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментіне арыз жазуға келген кезінде денсаулығы бірден сыр берген. Сол сәтте департаменттің бақылап өткізу пунктінің қызметкерлері Александр Ганибаев және Әділ Араппаев аталған азаматтың денсаулығы нашарлап жатқанын байқап, шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды. Дәрігерлер қала қонағының жағдайы тұрақталғанша оған тиісті медицина көмегін көрсетіп, кейін жіберді.

Шақыртуға келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы аталған азаматтың арызын жедел түрде қарау мақсатында оны Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына алып кетті.

Тексеру барысында оқиға Шымкент қаласы темір жол вокзалының аумағында орын алғаны үшін жинақталған іс-құжаттар желілік полиция бөліміне жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының тұрғыны жағдайы нашарлаған кезінде дәрігерлер келгенше оған бірінші медицина көмегін көрсеткен Шымкент қаласы Полиция департаменті бақылап өткізу пунктінің қызметкерлеріне үлкен алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру