Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Компьютерлік клубқа қарақшылық шабуыл жасаған ақтөбелік ұсталды

Компьютерлік клубқа қарақшылық шабуыл жасаған ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 қазаны сағат 06:07-де «102» телефонына Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны хабарласты. Компьютерлік клубта кассир болып жұмыс істейтін бойжеткеннің айтуынша, таңғы сағат 5-те клубка келген азамат оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасаған. Кассадан 200 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын ұрлап, белгісіз бағытта жасырынған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласы УҰИ-на қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті осындай мекемелердің иелерін қырағы болуға, мүліктердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайларды бейнебақылау құрылғыларымен және басқа да техникалық құралдармен жабдықтандыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру