Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері елді-мекендерде қоқыс тастап, экологияны ластағандарды анықтауда

ШҚО полицейлері елді-мекендерде қоқыс тастап, экологияны ластағандарды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі мен 30 қазан аралығында облыс аумағында белгіленбеген жерлерде қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығару фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша айлық ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қоқыс тастайтын жерлерді және олардың шығу көздерін, сондай-ақ қоқыс шығаратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген қоқысты заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын осы үшін бөлінген жерлерден тыс жерлерде заңсыз жинау орындарын болдырмау және анықтауға бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдарды, экологиялық және табиғатты қорғау мекемелерді, қоғамдық ұйымдарды, экоактивистерді тарта отырып, бірлескен мобильді топтар ұйымдастырылды.

Бұл жұмыс облыстың барлық аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастырылған.

10 күн ішінде 42 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды, олар бойынша ескертулер берілді (оның ішінде жергілікті атқарушы органға) – 35, жойылды – сегіз.

Қоқыс тастағаны, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін 54 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 434-2-бабы), сондай-ақ 128 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жалпы сомасы 298 993 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру