Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді

Алматы полициясы көпбалалы отбасыға азық-түлік әкелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

«Біз төтенше жағдай кезінде көп балалы отбасыларға мүмкін болатын көмек көрсету тәжірибесін жалғастырудамыз. Жақында бізге күйеуімен бірге 10 кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған көп балалы анаға азық-түлік көмегі қажет екендігі туралы ақпарат келді. Күйеуі карантин кезінде жұмысынан айрылып қалған. Біз әріптестерімізбен бірауыздан бұл отбасыға көмектесеміз деп шешім қабылдадық. Шынында да, бұл шешім қабылдауда ойланатын мәселе емес. Осы миссия үшін бірнеше қызметкерлер жіберілді, олар қажетті азық-түліктерді, тұрмыстық заттарды сатып алды және көпбалалы отбасына алып барып берді. Мүмкіндігінше, біз, қиын жағдайға тап болған басқа отбасыларға да осындай көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етіп жатқанына және олардың көпшілігі екі аптадан астам үйде болмағандықтарына, балаларын көрмегендіктеріне қарамастан, оптимизм мен мейірімділік сезімдерін жоғалтпайды. Өз кезегімізде, азаматтардан өздерінің және жақындарының денсаулығының қауіпсіздігі үшін үйде, карантинде болуын сұраймыз», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру