Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпбалалы Сәлімбаевтар отбасы – көпке үлгі

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/1 мекемесінің басшысы – Қанат Сәлімбаев. Жұбайы Жұлдыз Қаттабекқызы екеуі бес бала: үш ұл – Иманғали, Мағжан, Мұқағали, екі қыз – Мейірім және Адинаны тәрбиелейді.

Кейіпкерлер 20 жыл бірге тұрып келеді. Тұңғыш ұлдары Иманғали ертең 18-ге келеді.
Бұл күні жақын туыстарымен қарсы алады, Сәлімбаевтар отбасы үшін кешкі асқа барлығы бір дастархан басында жиналған кезде, қиыншылықтарымен, жетістіктермен бөліседі, осылай ата-аналар балаларына отбасы құндылығына үйретеді.

Иманғали – отбасы мақтанышы, ол әке жолын қуып, Отанына қызмет атқару үшін ҚР Ұлттық гвардия әскери институтының курсанты, Мағжан – 16 жастағы жас жігіт, жас бола тұра, ол өте жауапты және қамқор. Мағжан ата-анасына інілерімен қарындастарын тәрбилеуге көмектеседі, Назарбаев атындағы интеллектуалдық мектепте оқиды, бос уақытында жұмыс істейді. Мукағали М.Жұмабаев атындағы жоғары гуманитарлық колледжге қарасты лицейде оқиды, оқуда алғы орында. Жұлдыз Қаттабековна – көпжылдық тәрбиесі бар, Петропавл қаласының №7 Орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалымі, сол себепті Иманғали, Мағжан, Мұқағалидің ағылшын тілінің деңгейі ортадан жоғары. Қанат Мақтабекұлының ең сүйікті, екі қос қанаты – Мейірім мен Адина, қыздары туралы ол сағат сайын айта бере алады. Қанат Мақтабекұлы мен Жұлдыз Қаттабекқызы махаббат, жылулық, мейірім, түсінушілікке, үлкендерге-кішкентайларға қамқоршы болуға, кішкентайларына – үлкендеріне сыйластықпен қарауға үйретеді, сондықтан олар қамқоршы, кез келген уақытта көмекке даяр болып өсіп келеді. Балалар отбасыдағы қарым-қатынасқа қарап, болашақта отбасы құрған кезде үлгі болады. Ұлдар жауапты және қамқоршы болуды үйреніп келеді.

Бес бала тәрбиелелейтін отбасы сирек кездеседі, сондықтан осындай отбасыға құрмет көрсету керек. Сәлімбаевтар отбасында әрбір бала үшін ата-ана жүрегінен орын табылады, себебі балаға деген ата- ана махаббаты шексіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру