Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қызметкерлер отбасы аралығында қашықтықтан сайыс өтті

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ Департаментіне қарасты ОВ 156/6 мекемесінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай “Үлгілі отбасы” атты қашықтықтан сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайысқа мекемедегі қызмет атқаратын қызметкерлердің отбасылары қатысып, оларға алдын-ала логикалық тапсырмалармен, Абайдың қара сөздерін жаттап айту және отбасы құндылықтары туралы өз ойын білдіруге шығарма берілген болатын. Бұл сайысқа мекемеден төрт отбасы қатысып,түгелі мекеме басшысы атынан марапатталды. Жоғары балл жинаған отбасы әділет майоры Дулат Мурсалимовтың көпбалалы отбасы болды.

Д.Мурсалимов Ішкі Істер органдарының қылмыстық атқару жүйесінде 2001 жылдың ақпан айынан бастап қызмет атқарады. Барлық қызмет атқару уақытында ҚАЖ саласында үздіксіз 10 жылдан аса еңбек атқарып,жұбайы Меруерт те осы ҚАЖ саласында қызмет атқарып, арналары бірге тоғысқан, қазір бала қарауға байланысты демалыста отыр.

Екеуі қазіргі таңда төрт қызды тәрбиелеп отыр. Мекеменің кадр саясатының қызметкерлері осы атаулы күнмен үздік көпбалалы отбасы ретінде танып, марапаттау қағазы мен бүлдіршіндерге тәттілер сыйлап, құттықтап шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру