Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды
Көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған атыраулық бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 15 мамыр күні сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Бұл әрекеті Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлімімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) әкімшілік хаттама жасақтады.
45 жастағы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтқан. Қала тұрғынына осы бапта көрсетілгендей, 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.