Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бір млн теңгенің тауарын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Ақмола облысында бір млн теңгенің тауарын ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамырда Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 51 жастағы тұрғыны 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні Ерейментау қаласының орталық базарында орналасқан контейнерден белгісіз біреу тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы бір млн теңгені құрады.

Қаскүнемнің олжасы 20 қысқы күртеше, 30 жүзу шеңбері және сонша жүзу кеудешесі, шатыр, су ойыншықтары, қуыршақтар және тағы басқа заттар болды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

13 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Ерейментау қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы жылдың 10 мамырынан 11 мамырына қараған түні ер адам құлыпты бұзып, контейнерге кіріп ТМҚ ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған мүлікті қаскүнем арбаға тиеп алып кеткен.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің гаражынан заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Айта кету керек, өтініш беруші ұрлықты қысқа мерзімде ашқан Ерейментау полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын айтып, тәртіп сақшыларына денсаулық пен табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру