Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің үйіне ұрлыққа түскен шымкенттік оқиға орнында ұсталды

Шымкентте көршісінің үйіне ұрлыққа түскен тұрғын оқиға орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, көршісі түнгі сағат 21:30 шамасында үйінің ашық қалған есігі арқылы заңсыз кіріп, құны 250 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын және 360 мың теңгесін қолды етпек болғанын байқаған. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден көршісіне ұмтылып, оны ұстап, «102»-ге жүгінген.

Хабарды алған Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған күдіктінің жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 53 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру