Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшедегі жанжал дене жарақатымен аяқталды

Павлодарда көшеде өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасып, оған дене жарақатын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады. Ол көшеде өтіп бара жатқан адаммен болған жанжал барысында тұрғынға дене жарақатын келтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірақ ол жауапкершіліктен құтыла алмады. Анықталғандай, қала тұрғыны бұрын абайсыздан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотты болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру