Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық істер онлайн қалай жүргізілуде?

Биылғы жылдың сегіз айында Павлодар облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің өндірісінде электрондық форматта тергелетін 3 244 қылмыстық іс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2017 жылы Қазақстанда іске қосылған “Е-қылмыстық іс” бағдарламасы бүгінде қылмыстық процестің барлық кезеңдерін қамтиды: қылмысты тіркеу, тергеу және үкімді орындау.

Қылмыстық процесті цифрландыру дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды жасау рәсімін жеңілдетуге, іс-материалдарын бұрмалау тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік берді, бұдан басқа, процеске қатысушылар өз ісінің қандай сатыда екенін онлайн-режимде көруге мүмкіндік алды. Егер тараптар тергеушінің әрекеттеріне риза болмаса, онда прокурор оның барлық әрекеттерін дереу желіде тексере алады. Сондай-ақ, соттың санкциясын электронды түрде алуға болады.

Биылғы жылдың сегіз айында Павлодар облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің өндірісінде электрондық форматта тергелетін 3 244 қылмыстық іс болды, оның ішінде ауырлығы орташа – 2 325, онша ауыр емес – 379 және 540 теріс қылық тіркелді.

Мысалы, тамыз айында Павлодар облысының аумағында электрондық форматта 445 қылмыстық іс тіркелді.

Барлығы 2 442 іс аяқталды.

Айта кету керек, бағдарлама қылмыстық іс материалдарына бөгде адамдарды, оның ішінде жүйе әкімшілерін рұқсатсыз кіруден қорғаудың жоғары дәрежесіне ие. Тек істі жүргізетін тергеуші мен прокурор материалға қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша, электрондық қылмыстық істер қажетсіз қағазбастылықтан арылуға, сондай-ақ тергеу қарқынын тездетуге ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру