Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды

Көлік полицейлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған
100-ден астам шетелдікті анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаменті сервистік модельге көшу аясында
өткен жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының
халықаралық әуежайларында тәулік бойы жұмыс істейтін көші-қон пункттері
құрылды.
Аталған пункттерде Департаменттің көші-қон қызметінің полицейлері
шетелдіктерге құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын
бұзған жағдайда көшпелі тіркеу және шығу визалары әкімшілік
жауапкершілікке тартылғаннан кейін және форс-мажорлық жағдайларда
(метеожағдайлар, авиарейстердің кешігуі және т.б.) олардың ұшуы
тоқтатылмай, жүзеге асырылады.
Биыл қазақстандық көші-қон заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енген заңнама
нормалары бойынша шетел азаматтарының республика аумағында болуына
жеке және заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары жауапты
болады. Шетелдіктерді қабылдайтын ҚР азаматы үш күнтізбелік күн ішінде
көші-қон қызметіне олардың келуі туралы хабар беруге міндетті. Көші-қон
заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша
тіркеу жойылды. Шетелдік азамат 30 тәуліктен астам болған жағдайда уақытша болуға рұқсат ресімделеді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне ӘҚБтК-нің 517 бабы (болу
мерзімін бұзу) бойынша әкімшілік айыппұл салу өкілеттіктері берілген, оның
мөлшері болу мерзімін бұзуға байланысты тағайындалады (мысалы, 3 тәулікке
дейін – ескерту, 5 тәулікке дейін-5 АЕК, 10 тәулікке дейін-10 АЕК).
Аталған түзету материалдарды сотқа жібермей және шетелдікті
рейстен алып тастамай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 10 тәулікке
дейінгі мерзімге шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жыл басынан бері көлік полицейлерінің жүргізген профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде 111 шетелдік азаматтың
Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзғаны анықталды, сондай-ақ
көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 40-қа жуық
азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте қабылдаушы тарап
шетелдік азаматтардың болуы туралы хабарлама ретінде шаралар
қабылданбады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру