Криминалистика саласының ардагерлері Қызылорда облысы ПД-ның оқу-жаттығу полигонын аралады
Криминалистика саласының ардагерлері Қызылорда облысы ПД-ның оқу-жаттығу полигонын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық саласында еңбек еткен зейнеткерлері және криминалистика саласының жеке құрамы шақырылып, департамент басшылығымен грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің қызмет атқарған кездеріндегі бастарынан өткен қиыншылықтары мен қызықты оқиғаларын айта отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар ардагерлерді оқу-жаттығу полигонына апарып, қазіргі таңдағы жедел-криминалистикалық қызметтің жетістіктерімен таныстырып, жас мамандарды даярлау үшін әзірленген бейнероликтермен және жаңа техникалық құралдармен таныстырды.
Ардагерлерге қылмысты ашуда жаңа криминалистикалық технологиялардың жаңа үлгілері көрсетілді. Соңғы жылдары криминалистер қылмысты ашуда компьютерлік технологияның жетістіктерін кеңінен қолдануда. Ал бұл криминалистика саласындағы көптеген бағыттағы жұмыстарды тиімді өзгертіп, криминалистердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізіп келеді. Өз кезегінде ардагерлер алғыстарын айтып, жас мамандарға баталарын берді.