Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де жаңа идеялар акселерациясы талқыланды

ІІМ-де орталық аппараттың жеке құрамы ЦДИАӨМ бірінші вице-министрімен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаныш Төлеушин Ұлттық жобалық кеңсе шеңберінде іске қосылған “Ұлттық акселератор” жобасы туралы хабардар етіп, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың мамандарын тарта отырып, жобаларды жылдам әрі сапалы іске асырудың артықшылықтарын атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл 13 ақпанда Дубайда өткен дүниежүзілік саммиттегі көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқыту туралы айтып берді.

Сонымен қатар кездесуде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттыру үшін заманауи құралдарды енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру