Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда үш азамат жол апатынан зардап шекті

Талдықорғанда үш азамат жол апатынан зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 1 наурызға қараған түні болды. 22 жастағы Lexus ES300 жүргізушісі, Талдықорған қаласындағы Жансүгіров көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы екі жас жігіт түрлі жарақаттармен қалалық көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру