Алматыда тергеу изоляторындағы танысына есірткі өткізбек болған азамат анықталды
Алматыда тергеу изоляторындағы танысына есірткі өткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде 1990 жылғы тергеу тұтқынындағы күдіктіге Head shoulders сусабынының ішіне есірткі салынғаны анықталды.
Аталған мекеменің сәлемдемелер қабылдау орнында анықталғанындай 1989 жылы туған азамат өзінің тергеудегі танысына осындай жолмен есірткі затын өткізбек болған. Алайда ол өзінің заңсыз әрекетінен “маған бір танысым осы сәлемдемені жеткізуді өтінген болатын, сусабынның ішінде есірткі барын білмедім” деген сылтаумен жалтарды. Бұл заң бұзушылық “Допинг” жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Аталмыш іс-шараға мекеме қызметкерлері мен Алматы қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы басқармасының және ІІМ кинологиялық орталығының қызметкерлері қатысты.
Аталған факт бейнетіркегішке тіркеліп, сусабынның ішінен шыққан пакетке оралған өткір иісті ұнтақ химиялық сараптауға жіберілді.