Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полиция департаментінде үздік криминалист таңдалды

Қостанай облысының полиция департаментінде үздік криминалист таңдалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іріктеу жедел-криминалистикалық бөліністер арасында жыл сайынғы “Үздік криминалист” байқауы аясында өтті. Оған облыстың қалалары мен аудандарынан 9 полиция қызметкері қатысты.

– Конкурсқа бастапқы іріктеуден өткен неғұрлым дайындалған қызметкерлер қатысты. Бұл іс-шара үш кезеңде өтті. Қатысушылар атыс және дене шынықтыру дайындығына сынақтар тапсырды, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілеуден және әңгімелесуден өтті, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Мират Ченемесов.

Конкурстық кезеңдердің қорытындысы бойынша Қостанай қаласы ПБ жедел-криминалистикалық бөлімінің криминалисті Бекзат Ансаганов үздік атанды.

Бекзат трассологиялық, дактилоскопиялық және суық қаруды зерттеу ретінде дербес зерттеулер жүргізу құқығына рұқсаттың үш түріне ие.

Жас қызметкер барлық тапсырмаларды сәтті орындап, ІІМ қол сағатымен грамотасымен және “Үздік – криминалист 2024” вымпелімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру