Куәліксіз жүргізуші адам қағып кетті
Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған адам жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қыркүйек күні сағат 17:30-да 35 жастағы «Лада-217030″ автокөлігінің жүргізушісі 312 атқыштар дивизиясы даңғылынан Бейбітшілік көшесіне қарай қозғалар жолда реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жігітке жол бермей, оны қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе медициналық орталығына жеткізілді. Тексерістен кейін, үйіне жіберілді.