Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер “миллион” ұрлығының ізін суытпай ашты

Алматы облысында полицейлер “миллион” ұрлығының ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйекте Райымбек АПБ кезекші бөліміне ұрлық дерегі туралы бірінен кейін бірі бірден екі арыз келіп түскен. Біріншісі гастрономда орын алған, қаскүнем терезені сындырып, 300 мың теңгеге жуық соммаға азық-түлік ұрлаған. Екінші ұрлық зергерлік бұйымдар мен электрондық техника дүкенінде орын алған. Бұл жағдайда азамат терезе арқылы кіріп, 6 мың теңге көлеміндегі ұсақ купюраларды, 26 атау алтын және күміс зергерлік бұйымдарын, ұялы телефондар мен планшеттерді және тағы да басқа мүлікті иемденіп кеткен. Шығынның жалпы көлемі 1 300 000 теңгеден астам сомманы құрап отыр.

– Іздеуге кіріскен тергеушілер жедел түрде Райымбек ауданының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған заттардың көп бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Алайда,ол бірнеше ұялы телефон мен планшетті Алматы қаласында сатып үлгерген, – дейді Алматы облысы ПД Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нұрдәулетов.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Екі дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру