Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Курсанттар күнделікті өмірімен таныстырды

«Бүркіт» жасағының жас полиция көмекшілері Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясына келді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қостанай облысыда «Бүркіт» жасағының жас полиция көмекшілері Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясына келіп, курсанттық өмірдің күндерін сезінді. Алғаш рет жас полиция көмекшілері бір тәулік бойы нағыз курсанттар ретінде өмір сүрді.

Бір тәулік ішінде олар курсанттарға тән қағидаларды үйренді. Нағыз курсанттар таңертең ерте тұрып, 45 секундта киініп, таңғы жүгіруге шығып, плацқа саптық дайындық бойынша жаттығуларды орындады.

Таңғы астан кейін, соның ішінде Калашников автоматын жинау және бөлшектеу, газқағарды кию және т.б. оқу бағдарламалары басталды.Кейбір балалар кезекшілердің рөлін атқарды, казарма мен асхана бойынша кезекшілікті тұрды. Жас полицейлер түнгі уақытта жарияланған дабылға да дайын болды.

– Маған өте ұнады. Бір күнде мен көп нәрсе үйрендім. Осындай іс-шаралардан кейін ІІМ Академиясына түсіп, полиция қызметкері болғым келді, – дейді «Бүркіт» жасағының командирі Станислав Габеркорн.

Курсанттардың өмірі қатал ережелерден ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Кешкі астан кейін академияның курсанттары шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Олар домбырада ойнап, гитарамен ән шырқады. Жас полиция көмекшілері де өздерінің шығармашылық дағдыларын көрсетті. Домбырада ойнап, би биледі.

– Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында жас полиция көмекшілерін курсанттардың күнделікті өмірімен таныстыру өте маңызды деп ойлаймын. «Бүркіт» отрядының істеген жұмысының бәрі үлкен еңбек және осы барлық іс – шаралардың барлығы үлгі көрсету үшін, – дейді Қашар полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Ермек Барамбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру