Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күзет қызметіндегі полицейдің бір күні

Күзет қызметіндегі полицейдің күнделікті жұмысы өте жауапты. Бұл қызметте олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге, құқық бұзушылықтарды болдырмау және "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту үшін қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзет қызметіндегі полицейлердің міндеті тек құқықтық тәртіпті сақтаумен шектелмейді, олар әртүрлі профилактикалық іс-шаралар атқарумен бірге, нысан қауіпсіздігінің алдын алады. Көбіне олар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда ғана емес, көпқабатты үйлер, бизнес орталықтары және жеке меншік ғимараттар мен қолма-қол қаржылай қызмет көрсету, сауда орталықтары, мейрамханалар мен көңіл көтеру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы іс-шаралар өткізеді.

Бұл қызметтегі полицейлер объектінің қауіпсіздігін сақтауда кез келген қауіп-қатердің алдын алып, оны болдырмау үшін шаралар қабылдайды. Соның бірі террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы бойынша орнатылған бейнебақылау камералары мен қауіпсіздік құрылғыларын тексеріп, қажет болған жағдайда нысан қонақтары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ адамдардың көп жиналатын объектілердің бірі білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Күзетке алынған нысан аумақтарында болуы мүмкін ұрлық немесе басқа да қылмыстық әрекеттерді болдырмауға атсалысады. Қауіпті жағдайлар туындаған кезде күзетшілер жылдам әрекет етіп, қажетті шаралар қабылдау үшін жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің біліктілігін үнемі шыңдап отырады. Күзет қызметіндегі полицейдің жұмысы әрқашан жауапкершілік пен қажырлы еңбекті, кез келген төтенше оқиғаларға заңды шешім қабылдауды талап етеді. Қоғамның тыныштығын сақтау, тәртіп пен әділеттілікті орнату және нысан қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбегі зор және маңызды.

Қызылорда облысы полиция департаменті күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нағашыбай Жалғасбаевтың қызметтегі бір күнін бейнероликтен тамашалай аласыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру