Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күзетшіге дене жарақатын салған жасөспірімге айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған жасөспірім Павлодар темір жол вокзалында 42 жастағы ер адамға дене жарақатын салды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің алдында тұрған ең өзекті және маңызды міндеттердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Олардың қоғамдық және басқа да орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жыл басынан бері көлік полицейлері білім беру мекемелерінде 230-дан астам профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде еліміздің әуе және темір жол көлігі объектілерінен қадағалаусыздық пен панасыздық үшін 338 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішінде 17 кәмелетке толмаған бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

Павлодар бекетіндегі желілік полиция бөліміне теміржол вокзалы ғимаратының бірінші қабатында орналасқан ойын клубтарының бірінің қызметкері 42 жастағы ер адамға дене жарақатын келтіргендігі туралы хабарлама келіп түсті.Тексеру барысында Павлодар қаласының 17 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Оның айтуынша, ол осы ойын орнының күзетшісі. Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабының 1,2-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 22-ден таңғы 06-ға дейін болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта іс материалдар сотқа жіберілді. Ойын клубының иесіне қатысты тиісті шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру