Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 азаматтық қару иеcі сақтау ережесін бұзды

Қостанай қаласының аумағында полицейлер “Қару”жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қару” операциясының бірінші күні облыс орталығында 144 азаматтық қару иесі тексеріліп, 6 лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің бұзылуы анықталды. Өткізілген іс – шараның негізгі мақсаты-қару мен оқ-дәріні заңсыз айналымнан алып тастау, қару иелерінің  қару-жарақтың сақталуын тексеру.

Полицияда криминалдық, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алып тастауға, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтауға бағытталған ұтқыр топтар құрылды.Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен заңсыз сақталған атыс қаруын ерікті түрде тапсыру бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

“Қару” операциясының бірінші күні 169 қаруы бар 144 азаматтық қарудың иесі, оның ішінде 112 тегіс ұңғылы қарудың иесі, 17 ойық қарудың иесі, 15 газды қарудың иесі тексерілді.

Полиция қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша 6 лицензия – рұқсат беру жүйесі ережесін бұзғанын анықтады: олардың ішінде 1 қару –жарақты тіркеу мерзімін бұзғаны үшін, 5 қару – жарақты сақтау ережесін бұзғаны үшін.Полицияға ерікті түрде 2 тегіс ұңғылы қару тапсырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара 20 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру