Күзгі демалыс кезінде түнгі көшелерде 300-ден астам кәмелетке толмаған бала анықталды
Ақтөбе облысының аумағында полиция қызметкерлері 05-14 қараша аралығында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу демалысының кезінде сағат 23:00-ден кейін, ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) еріп жүруінсіз жасөспірімдерді көшеде кездестіруге болады, полиция инспекторлары күзгі демалыс кезінде түнгі көшелерде 300-ден астам кәмелетке толмаған баланы анықтады.
21 ата-ана өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 27 жасөспірім және 29 қолайсыз отбасы есепке алынды.
– Жасөспірімдер 14-16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық сияқты баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша ата-аналарға айыппұл салады, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Нұржан Мұқымов.
Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Жасөспірімдер арасындағы жасалатын қылмыстардың негізгі себебі – олардың іс-әрекеттің ауырлығын білмеуі. Сондықтан құқықтық тәрбие қоғамдағы құқықтық мәдениетті және адамның заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Полиция департаменті ата-аналарды балалардың ерте жастан мінез-құлқына назар аударуға және кіммен сөйлесетінін, баласының қайда екенінен хабардар болуға және балаңыздың кешкі уақытта үйден кетуіне жол бермеуге шақырады.
Құрметті ата-аналар! Балалар біздің болашағымыз, олардың тарапынан түзетілмейтін қателіктердің алдын алу үшін, бала сізге бағынбаған жағдайда қажетті мамандардан, психологтардан, ювеналды полиция инспекторларынан көмек сұраңыз.