Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Ақ лента» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13-15 қараша аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, полицияға деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін күшейту бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара шеңберінде «Есіл» ауданының Полиция басқармасы «Ақ лента» акциясын бастады. Бұл акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен оның көріністеріне қарсы әрекет ету болып табылады. Канада елінде «Ақ лента» – әділдіктің белгісі болып есептеледі. Олар акцияның символы болып табылатын «ақ лентаны» қолдарына байлап алып, зорлық-зомбылықтың кез-келген көріністеріне қарсылығын білдірген, сонымен қатар, мейрімді болуға әрі сабырлық танытуға шақырған. Осы принциптер «Ақ лента» акциясына қатысушылардың барлығына міндетті болып табылған.

Елордалық тәртіп сақшылары «Есіл» ауданының көшелерінде және сауда-ойын-сауық орталықтарында адамдарға ақ ленталар таратып, өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты, көмек сұрау үшін қандай қызметтерге жүгінуге болатыны туралы ақпарат беріп, буклеттер таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Ислам :

    Жарайсындер

  2. Ардак :

    Осындай іс шара арқасында, полиция тағы бір қадам халықтың сенимине кіреді!

  3. Asem :

    Жарайсыздар полиция кызметкерлери 🤝✊🏻👍🏻

  4. Алишер :

    Жарайсындар!

Жауап қалдыру