Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде елордалықтар баласының дүниеге келу құрметіне орай қалжа тойын жасаған

Астана тұрғындары елордалық полицейлер келген кезде дәмханада “Қалжа тойын” жасап жатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық салтанатты жиындарды өткізуге тыйым салу туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысын елемей, қала тұрғындары ұл баланың дүниеге келу құрметіне орай қалжа тойын жасаған. Аталған бұзушылықты күн сайын карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша күшейтілген режимде мониторинг тобының құрамында рейдтік іс-шара өткізетін елордалық полицейлер анықтаған. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқан бірқатар ескерту шараларына қарамастан, ағымдағы жылдың 13-ші қарашасында сағат 15.56-да “Асия” дәмханасында отбасылық іс-шара өткен.
Мобильді топ тойдың нағыз қызған шағында үстінен түскен. Мерекені тойлау үшін санитарлық нормаларды сақтамастан, дәмханаға 40-қа жуық адам келген. Қатер тобында бола тұра, ересек жастағы әйелдер мелодиялық әуенге билеген. Мерекеде салтанатты кештің бас кейіпкері кішкентай сәби де, сонымен қатар, омыраудағы балалар да болған. Мерекені ұйымдастырушылар егде жастағы адамдардың және кішкентай балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Тойды ұйымдастырушылар ешкім көрмейді деген ниетпен қонақтарды қызметкерлер кіретін есіктен кіргізген.

“Асия” дәмханасының иесіне қатысты жинақталған материал Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Бір тәуліктің ішінде мобильді топ 217 кәсіпкерлік объектісін тексеріп, карантин режимін бұзудың 17 фактісін анықтаған.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мекеме иелері мен ұйымдастырушыларға мерекені жайбарақат өткізуі инфекцияны жұқтыруға және адамдардың өміріне қауіп төндіруге әкеп соқтырады. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылатын болатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру